Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірменді жерлестер!
Баршаңызды Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
13 жыл аталмай келіп, 2022 жылдан бастап қайта тойлау қолға алынған Республика күні ұлттық мереке ретінде қайтып оралды. Мерекені қайтаруды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынды.
Бұл жөнінде Президент: "Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның 25-і күні жыл сайын Республика күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын», деген болатын.
Ұлттық мереке – бұл туған жерін, Отанын сүйетін әрбір қазақстандық үшін ұлық күн.
ҚР Президенті Жолдауларында берілген міндеттерді іске асыру аясында ауданымызда көптеген жұмыстар атқарылуда. Атқарылған іс аз емес, ел экономикасын, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, мәдениетін дамыта түсу жолында білек сыбана отырып татулықтың арқасында аянбай еңбек ете беруіміз керек.
Алдымызда әлі де атқарылар істер мен міндеттер тұр. Халық болып бірігіп татулықты ту етіп жұмыс атқарсақ, алда біз алар асулар мен биік мақсаттарға жетеміз деп сенеміз.
Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз - Қазақстан. Қазақ халқы өзінің болашағымен балаларының тағдырын сонымен ғана байланыстырады. Еліміздің әрбір азаматы мемлекет тарапынан жасалған қамқорлықты сезініп, игі істердің ұйытқысы бола берсін демекпіз.
Республика күнімен шын жүректен құттықтай отырып, бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз.
Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын, жерлестер!