Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Әділ билер» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен жаппай сенбілік өтті.
Аталған қоғамдық бірлестік ауданымызда ғана емес, жалпы Түркістан облысының тұрғындарына үндеу жариялап, облыстың барлық елдімекендерінде, ауыл-аймақтары мен қалаларында 22 сәуір күнін - жалпы сенбілік күні деп белгілеген болатын.
«Ұлы даламызды мекендеген Қазақстан мемлекетіміз, оның құрамдас бөлігі болған Түркістан облысы - еліміздің рухани, тарихи мекенжайы. Жаңа, жаңарған Қазақстанымыздың дамып, өркендеп-өсуіне түркістандықтар аға буыннан бастама алып, жастарымыздан қолдау тауып "Әділ билер" қоғамдық бірлестігі мен жергілікті мемлекеттік мекемелермен біргелесе отырып, жақсы бастамаларға қолдаушы болуда. Осы игі істерді іске асыруда бүкіл облысымыздың тұрғындары біздің үндеуімізге қолдау жасайды деп сенім білдіреміз» - деген болатын, бірлестіктің мүшелері өз үндеуінде.
Үндеуді жаппай қолдаған мақтааралдықтар кетпен-күректерін алып, бүгін сенбілік өткізді. Тазалық іс-шарасының арқасында 165 шақырым көше бойынан 28,5 тонна қоқыс жиналып, 3556 ағаш әктелді. Саябақтар, скверлер, спорт және балалардың ойын алаңшалары ретке келтірілді. 10 мыңнан аса үй іргелік жерлер тазаланды.
Үйлердің, аялдамалардың қасбеттері әктеліп, сырланды. Сондай-ақ, 18,5 шақырым ирригациялық жүйелер, 22,1 шақырым аяқжолдар күл-қоқыстан арылды. Жаппай сенбілікке 7560 адам, 15-тен аса техника қатысыпты.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі