Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Имидж деген сөз (ағылшынның image сөзінен) – тұлғалардың анықталған тобына эмоционалдық - психологиялық ықпал ететін, мақсатты бағытта қалыптастырылған (тұлғаның, ұйымның, көріністердің) бейне.
Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне көрінетін негізгі жағдайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде анықталған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және азаматтардың мүддесін іске асыруға бағытталған.
Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік мәні бар. Ол халықтың оған деген сенімінің көрсеткіші және мемлекет жүргізіп отырған басқару қызметтерін қайта құрудың тиімділігін қоғаммен бағалануының өлшемі болып табылады.
Мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және күтімдеріне сәйкестігінің дәрежесін бекітеді. Осының салдарынан, имидж азаматтардың мемлекеттік билік органдарына қатынасы бойынша мінезінің болашағын айтарлықтай шамада төмендетеді, мемлекеттік қызметті және оны қалыптастыру бағдарламасын қоғамдық қолдау дәрежесін анықтайды.
Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру осы әлеуметтік институттың тиімді қызмет етуіне және дамуына қажетті жағдай, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметтерінің және мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған жағдай болып табылады.
Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру процесінің өзі атқарушы биліктің имидждік саясатымен тығыз өзара байланыста.
Мемлекеттік қызметкердің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту барысында мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз қызметінің барлық жауапкершілігін толықтай сезініп, қызмет амалдарын жетік меңгеріп, өз ісінің білікті маманы болуы қажет деп санаймын.
Мұрат Ешанқұлов,
Мақтаарал ауданы әкімі аппараты
Заң бөлімінің бас маманы