Тұрғын үй кезегіне кімдер тіркеле алады?

Тұрғын үй кезегіне кімдер тіркеле алады?

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68, 74 баптарына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін  тұрғын үй кезегіне тіркелу қажет екендігін хабарлаймыз. Тұрғын үй кезегіне тіркелу тәртібі төмендегіше:

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 Қаулысында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі қажет, атап айтқанда.

  1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
  2. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  3. 3. Көп балалы отбасылар (оның ішінде "Алтын алқа", "Күміс алқа", І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" немесе "Батыр ана" атағы бар көп балалы аналар")

 

  1. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына төмендегі тізімдегі азаматтар жатады:
    1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
    2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
          3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
          4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1309 қаулысымен бекiтілген аурулар 
    тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
          5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
          6) оралмандар;
          7) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

       8) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
          9) толық емес отбасылар жатады.
    5. Мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi мен әскери қызметшiлер;
  2. Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға жататын Қазақстан Республикасының азаматтары есепке қойылады.

          Ескерту: Өтініш беруші осы қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген және соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында немесе отбасы мүшелеріне тиесілі тұрғын үйдің бар екендігі анықталған жағдайда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшiн есепке қоюдан бас тартылады.

          Мемлекеттік тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін KEZEKTE Ақпараттық  жүйелер платформасы арқылы кезекке қойылатынын  хабарлаймын.

 

     Тұрғын үй инспекциясының

сектор меңгерушісі

Қ.Иманүсенов