«Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР Ұлттық экономика министрінінң 2015 жылғы 20 наурыздағы №237 бұйрығының 11 бөлімі 46 тармағының 7 тармақшасы негізінде қауіптілігі 1 және 2 сыныпты өндіру мен тұтыну токсикалық қалдықтарын орналастыру, залалсыздандыру, көму бойынша полигондарының санитарлы- қорғау аймағы - 1000 метрді құрайды делінген. Осыған орай, Мақтарал ауылдық округі Өркениет (Ел қоныс) елді мекені аумағында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонға ең жақын орналасқан елді мекен 1000 метрді құрайды.
Мақтарал ауылдық округі Өркениет (Ел қоныс) елді мекені аумағында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон жер көлемі 11 га, 2011 жылы пайдалануға берілген, қолданылу мерзімі 17 жыл, кадастырлық номері: 19:288:191:2250, экология қорытындысы KZ76VCY00079808 21.10.2016 жылы берілген . Қоршаған ортаға рұқсат қағазы KZ92VCZ00114941 15.11.2016 жылдан. - 15.11.2025 жылға дейін мерзімге, ОҚО бойынша Экология департаменті тарапынан берілген.
Жеке инвестор «ТАЗА БОЛАШАҚ» ЖШС-гі тартылып Мақтарал ауылдық округі Өркениет (Ел қоныс) елді мекені аумағында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон жер көлемі 11 га «Сатып алу құқығынсыз Сенмігерлік басқаруға беру туралы шарты» мен 25 жылға Сенмігерлік басқаруға 15.06.2020 жылдан бастап берілген.
Қазіргі таңда «ТАЗА БОЛАШАҚ» ЖШС-гі тарапынан полигон ретке келтіріліп, арнайы техникалармен өңдеуге қажетті құралдармен (пресс автомат) жабдықталған.
Аудан аумағындағы 40 елді мекендерден бүгінгі таңда, жоғарыда аталған ҚТҚ полигонына тасымалданады. Атап айтқанда, Атакент кенті (1 елді мекен), Мақтарал (16 елді мекен), Жамбыл (4 елді мекен), Бірлік (6 елді мекен), А.Қалыбеков (7 елді мекен), Достық (6 елді мекен ) ауылдық округтері аумағындағы ара-қашықтығы 15-20 шақырымды құрайтын Мақтарал а/о орналасқан ҚТҚ полигонына тасымалданады. Сондай-ақ, Мақтаарал а/о орналасқан ҚТҚ полигонына Жетісай ауданынан да тұрмыстық қалдықтар қабылдануда.
05.06.2022 жылы сағат 14-00 шамасында ҚТҚ полигонынан қасақана өрт шығып, 06.06.2022 жылы 13:00 шамасында толығымен өрт сөндірілді. Өрт сөндіруге «ТАЗА БОЛАШАҚ» ЖШС-гі тарапынан 3 техника мен 15 қызметкер, 3 мотопомпа, аудандық төтенше жағдай бөлімі тарапынан 1 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылып, тиісті жұмыстар атқарылды.
Қазіргі таңда полигонда өрт болдырмау мақсатында «ТАЗА БОЛАШАҚ» ЖШС-гі қызметкерлері тарапынан қатаң бақылауда екенін хабарлаймыз.
(с) Мақтаарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі