МАҚТААРАЛ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНЕ САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ БОЙЫНША ОБЛЫСТА ЕКІНШІ ОРЫНҒА ЖАЙҒАСТЫ

МАҚТААРАЛ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНЕ САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ БОЙЫНША ОБЛЫСТА ЕКІНШІ ОРЫНҒА ЖАЙҒАСТЫ
Мақтаарал ауданында 2021 жылдың 9 айында жалпы ішкі өнім көлемі көлемі 57,3 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,9%-ға артқан. Бұл туралы аудан әкімі Б.Асанов Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткенкен брифингте мәлімдеді.
 
Негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 4,5 миллиард теңгені құрап, 233%-ға артты. Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі де 655,8 миллион теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5552%-ға немесе 55,5 есеге артып, облыста 2 орынға жайғасты. Ал, өнеркәсіп өнімінің жапы көлемі 11,1 миллиард теңгені құраса, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемі 9,1 миллиард теңгеге жеткен. Сонымен қатар, бөлшек сауданың көлемі 3 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,5%-ға артқан.
 
Ауданда 10523 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде 537 заңды тұлғалар, 2035 жеке тұлғалар, 7951 шаруа қожалықтары бар. Кәсіпкерлер 9 айда түрлі микро несие ұйымдарынан 354,6 миллион теңге несие алған.
 
Шағын және микробизнес ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму бағытында маңызды рөл атқарады. Яғни, тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, жұмыссыздық деңгейін төмендетеді. Кәсіпкерлік саласын ары қарай дамыту мақсатында 1215-тен астам азаматтарға кеңес, 105-тен аса сервистік қызметтер мен заңгерлік қолдаулар көрсетілді. Одан бөлек, «Бастау бизнес» бағдарламасы аясында 343 азамат оқуға тіркеліп, 340 тыңдаушы оқығаны туралы сертификатқа ие болды.
 
Шетелден тікелей инвестиция тарту бағытында 2021-2022 жылдары Мақтаарал ауданында жалпы инвестиция көлемі 10,8 миллиард теңгені құрайтын және 308 адам тұрақты жұмыс орнымен қамти алатын 5 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, мақта майын шығаратын «Tulpar May» ЖШС-і, жіп шығаратын «Tulpar Texstill» ЖШС-і, темір-бетон өнімдерін шығаратын "KZ 2020» ЖШС-і, МВт электр энергиясын өндіретін «Инженерная арена» ЖШС-і, мармелад және жеміс-жидек, бақша, өнімдерін кептіріп өндіретін «JID&COM» ЖШС-і іске қосылмақшы.
 
Қазақстан және Турция елдерінің бірлескен мақта майын шығаратын «Tulpar May» ЖШС-нің жалпы құны 2,2 миллиард теңгені құрайды. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін жоба жылына 2,9 мың тонна май, 14000 тонна шрот шығару қуаттылығына ие және 48 адамды жұмыспен қамти алады. Сондай-ақ, дәл осы екелдің бірлесуімен жалпы құны 5,9 миллиард теңгені құрайтын «Tulpar Texstill» ЖШС-нің жіп шығаратын фабрикасы 2024 жылға дейін іске қосылмақшы. Жоба іске асқан жағдайда 147 адам жұмыспен қамтылып, ақ алтынымен танымал Мақтаарал ауданында тұңғыш рет 6600 тонна жіп өндіретін текстил фабрикасы жұмыс жасайтын болады.
 
Жалпы құны 209 миллион теңгені құрайтын «ЕL-KZ 2020» ЖШС-нің темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытының құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Жоба келесі 2022 жылы іске қосылып, 17 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.
 
Аудан әкімінің бастамасымен электр энергиясының жетіспеушілігі жиі байқалатын Мақтаарал ауданында жалпы құны 1,33 миллиард тенге болатын «Инженерная арена» ЖШС-нің электр энергиясын өндіретін станция да жыл соңына дейін қосылып, 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақшы. Малайзия мемлекетімен бірлескен жоба қуаттылығы 4,95 МВт электр энергиясын өндіруге қауқарлы.
 
Мақтаарал ауданында Германия мемлекетімен де бірлеске жоба әзірленіп, қауын-қарбыз, жалпы бақша өнімдерін кептіріп өндіретін «JID&COM» ЖШС-і 2022 жылы іске қосылмақшы. Жалпы құны 2,1 миллион евроны құрайтын жоба 74 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады.
 
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі