Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова күні кеше БАҚ өкілдеріне Ұлттық халық санағының барысы туралы арнайы брифинг өткізді.
"Мақтааралда аудан әкімі Б.Асановтың бекітуімен Ұлттық халық санағын жүргізуге жәрдемдесетін аудандық комиссия құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілген. Жалпы 2 кезеңнен тұратын халық санағының І кезеңінің нәтижесі бойынша 21 555 тұрғын үй, 133 028 халық саны анықталды. ІІ кезеңде нақтылау жұмыстарының нәтижесінде Мақтаарал ауданында халық санынын бұдан да жоғары болуы күтілуде" - деді Алтын Күнтуқызы.
А.Ешанқұлованың айтуынша, ІІ кезеңде халық санағын өткізу бойынша 23 нұсқаушы, 163 сұхбатшы жұмылдырылыпты. Қазіргі таңда аудан бойынша санақ персоналын қалыптастыру мақсатында кенттер мен ауылдық округтердің тұрғындарынан сұхбатшыларды қабылдау жұмыстары қарқынды жүруде. Эмидемиологялық ахуалға байланысты қазіргі таңда 147 сұхбатшы вакцина қабылдапты.
Әкімнің орынбасары ұлттық халық санағы цирфлық форматта өтіп жатқанын да атап өтті. Яғни, азаматтар өздерінің орналасқан жеріне қарамастан онлайн арқылы өздері және отбасы мүшелері sanaq.gov.kz сайтында сауалнамаларды толтыру арқылы санақтан өте алады. Қазіргі таңда 13 900 адам онлайн түрде санаққа қатысқан. Сонымен қатар, мақтааралдықтарды ұлттық халық санағына белсенді қатыстыру үшін үгіт-насихат жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, бұл бағытта ауданда билбордтар мен баннерлер ілініп, тұрғындарға үнпарақшалар таратылуда.
Айта кетейік, брифинг барысында журналистер тарапынан спикерге бірнеше сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі