МАҚТААРАЛДА КӨЛІКТІК ТӘРТІПТІ АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

МАҚТААРАЛДА КӨЛІКТІК ТӘРТІПТІ АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ
Аудан аумағындағы автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын (ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынастар) азаматтарға қатысты бақылауды жүзеге асыру мақсатында профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
 
Аталған іс-шара барысында көлік құралдарының санитарлық, техникалық жағдайы және жүргізушілер де тексеріледі. Оның ішінде, заңсыз қайта жабдықталған, техникалық жай-күйі мен құрлысы келмейтін автобустар, жолаушылар мен жүктерді, сондай-ақ шет ел азаматтарын заңсыз тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер анықталып, әкімшілік жауапқа тартылуда.
 
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі