ТАЗАЛЫҚ САҚТАМАҒАН ТҰРҒЫНДАРҒА ТАҒЫ ДА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

ТАЗАЛЫҚ САҚТАМАҒАН ТҰРҒЫНДАРҒА ТАҒЫ ДА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Мақтаарал ауданында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында құрылған мобильді топ саябақтарда, скверлерде, жағалау аймақтарында, демалыс орындарында, сондай-ақ халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда рейдтік іс-шараларды тоқтаусыз жүргізуде.
Рейд барысында осы аптада тазалық қағидаларын бұзудың 11 фактісі анықталды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша 3 тұлғаға қатысты 3 әкімшілік хаттама, ал 505-бабы бойынша 8 тұлғаға қатысты 11 әкімшілік хаттама толтырылып, құқық бұзушыларға жалпы 90 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Аталған бағыттағы рейдтік және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғастырылатын болады.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі