Мобильді азаматтар базасында тез тіркелу жолы мен оның қаншалықты ыңғайлы

Мобильді азаматтар базасында тез тіркелу жолы мен оның қаншалықты ыңғайлы

1️⃣ Егер сізде ЭЦҚ болмаса:
- egov.kz сайтына кіріп, ондағы "ВИРТУАЛДЫ АССИСТЕНТ" түймесін басыңыз. Ол сайттың төменгі оң жақ бұрышында орналасқан.
- әрі қарай "ҚОҢЫРАУ" - "ХҚКО" - "БЕЙНЕ ҚОҢЫРАУ" түймесін рет-ретімен басыңыз.

📲Осылайша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін оператормен байланыса аласыз. Оған өзіңіздің жеке куәлігіңізді, ЖСН, телефон нөмірін және сізге жіберілетін СМС-құпиясөзді көрсетесіз. Бар болғаны осы. Сіз базаға тіркелдіңіз.

2️⃣Егер сізде ЭЦҚ болса (онда тіптен оңай)
- egov.kz. сайтындағы Жеке кабинетіңізге кіріп, ұялы телефоныңыздың нөмірін тиісті бағанға жазыңыз.
- өз ЭЦҚ-ыңызбен қол қойыңыз.

МОБИЛЬДІ АЗАМАТТАР БАЗАСЫНА НЕ ҮШІН ТІРКЕЛУ КЕРЕК?
✔️ тіркелгеннен кейін сіз ЭЦҚ-ны пайдаланбай-ақ 90-ға жуық мемлекеттік қызметті онлайн ала аласыз.
✔️ өзіңізге қажетті анықтамаларды әлеуметтік желілердегі мессенджерлер арқылы ала аласыз
✔️құжаттарыңызды қолдану мерзімінің аяқталуы туралы сізге хабарлама жіберіледі
✔️ құжаттар мен анықтамалардың дайын екені туралы СМС-хабарлама жіберіледі