
Құрметті Мақтаарал ауданының тұрғындары және қонақтары!
2026 жылғы 4 тамыз күні Мырзакент кентіндегі Жеңіс көшесінде орналасқан С.Рақымов атындағы мектеп аумағында өткізілген «Мақтаарал-Антитеррор-2026» терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті.
Оқу-жаттығу барысында қойылған барлық мақсаттар мен міндеттер толық көлемде орындалып, терроризм қатерлеріне қарсы әрекет ету кезіндегі өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталды және тиісті күштер мен құралдардың әзірлік деңгейі тексерілді.
Оқу-жаттығу барысында түсіністік танытып, қауіпсіздік талаптарын сақтағаны үшін аудан тұрғындары мен қонақтарына алғысымызды білдіреміз.
Баршаңызға тыныштық, амандық және қауіпсіз күн тілейміз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Мақтаарал аудандық жедел штабы