БЖЗҚ журналистерге арналған онлайн-семинар өткізді

БЖЗҚ журналистерге арналған онлайн-семинар өткізді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындардыҚор қызметтері, жинақтаушы зейнетақы жүйесі, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру,  зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызмет нәтижелері туралы үнемі хабардар етіп, олардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары шеңберінде қаржы журналистикасы мектебін биыл бесінші рет өткізді.

Мектептің мақсатты аудиториясы – журналистер, блогерлер мен журналистика факультетінің студенттері. Себебі, олар БЖЗҚ-ға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге белсенді түрде көмек көрсетіп келеді. 

Биылғы іс-шара коронавирусіндетіне байланысты онлайн пішімде өтті. Соған қарамастан онлайн-мектепке 60-тан астам қазақ және орыс тілді баспасөз өкілдері жиналды.

Қаржы журналистикасы мектебі бағдарламасында қатысушыларға түрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылды. Олар: Қазақстанның зейнетақы жүйесі және «БЖЗҚ» АҚ қызметі, қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері; жеке зейнетақы шотын ашудан бастап төлемдерді рәсімдеуге дейінгі зейнетақы жинақтары; зейнетақы калькуляторының көмегімен болжамды зейнетақыны жоспарлау және есептеу; Қазақстандағы демографиялық үрдістер және олардың экономикаға әсері; Қордың халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және т. б. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бірлесіп,«БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі ақпарат» атты тақырып та талқыланды. 

БЖЗҚ мамандары дәріс беру барысында мектепке қатысушылардың күрделі қаржылық көрсеткіштер мен статистикалық деректерді жеткілікті түсінулеріне көмектесіп, зейнетақы төлемдері мен жинақтар төңірегіндегі түрлі мәселелербойынша ақыл-кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы көптеген сауалдарға жауап берді. Ал мұның бәрі олардың шынайы әрі тартымды журналистік материалдар жазуларына қолғабыс тигізері анық.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).