Құрметті Мақтаарал ауданының тұрғындары!
Қадірменді Отандастар!
Баршаңызды еліміздің еңселі мерекелерінің бірі – 6 шілде – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Астана – Тәуелсіз Қазақстанның жарқын жетістіктерінің, ел бірлігі мен тұрақты дамуының, баянды болашаққа деген сенімінің айқын көрінісі. Бас қаламыз аз ғана уақыт ішінде әлем таныған заманауи мегаполиске айналып, мемлекетіміздің саяси, экономикалық, мәдени және рухани орталығы ретінде дамудың даңғыл жолын қалыптастырды.
Бұл мереке – халқымыздың бірлігі мен татулығын, елдің өсіп-өркендеу жолындағы ортақ мақсаттарын айшықтайтын ерекше күн. Бүгінгі таңда Қазақстанның әрбір өңірі секілді Мақтаарал ауданы да Мемлекет басшысы айқындаған бағыттарға сәйкес қарқынды дамып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
Ауданымыздың өсіп-өркендеуі мен дамуына қосып жүрген қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Елдің ертеңі – бірлігіміз бен ынтымағымызда. Береке-бірлігіміз бекем болып, әр шаңыраққа амандық, молшылық пен шаттық орнасын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!
Еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Астанамыздың абыройы асқақтай берсін!
6 шілде – Астана күні құтты болсын!