Мақтаарал ауданында аудан әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.
Жиын аудан әкімдігі аппаратының үлкен мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ аумақтық мекеме жетекшілері қатысты.
Мәжілістің негізгі күн тәртібінде 2026 жылдың сәуір айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, мемлекеттік бюджеттің игерілу деңгейі, салықтық түсімдердің орындалуы және аудандық кірістер басқармасы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері қаралды.
Күн тәртібіндегі басты мәселе бойынша аудандық кірістер басқармасының басшысы Ж.Піләлов баяндама жасап, мемлекеттік бюджеттің орындалу барысы туралы кеңінен ақпарат берді. Атап айтқанда, аудан көлемінде бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты игерілуі, коммуналдық мүлік, жер және көлік құралдарына салынатын салықтардың түсімі, сондай-ақ кіріс көздерін ұлғайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Мәжілісте аудан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет кірістерін арттырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Осы бағытта көлеңкелі экономиканың алдын алу, тіркелмеген кәсіпкерлік нысандарын заңдастыру, салық базасын кеңейту және берешек көлемін азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар сараланды. Сонымен қатар, ауылдық округтердегі салық түсімдерінің орындалу көрсеткіштері жеке-жеке қаралып, жоспарлы индикаторларға қол жеткізе алмаған әкімдіктерге нақты тапсырмалар берілді. Әсіресе, жер және мүлік салығы бойынша берешектерді өндіру, кәсіпкерлік нысандарымен түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ тұрғындар арасында төлем мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне басымдық беру қажеттігі айтылды.
Жиын барысында аудандық кірістер басқармасының атқарып жатқан жұмыстары да жан-жақты талқыланды. Кіріс көздерін ұлғайту, қосымша резервтерді анықтау, бюджетке түсетін түсімдерді көбейту бойынша жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың тиімділігіне тоқталған баяндамашы алдағы кезеңге арналған жоспарлармен бөлісті. Сонымен қатар, ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ш.Әбенов та сөзне шығып, аудан бюджетін толықтыру бойынша жоспарларымен бөлісті.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Бақыт Асанов барлық сала басшыларына бюджет қаражатын тиімді пайдалану, мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету және салықтық түсімдерді арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру жөнінде нақты міндеттер жүктеді. Аудан басшысы мемлекеттік қаржының тиімді игерілуі мен кірістердің артуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті.