МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов тұрғындарды жеке қабылдап, олардың талап-тілектерін тыңдады. Қабылдауға аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары мен тиісті сала жетекшілері де қатысып, әрбір мәселе бойынша нақты түсіндірме беруге және жедел шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік жасалды.
Жеке қабылдауға келген азаматтар негізінен ағын су тапшылығы, жер қатынастары және тұрғын үй мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, жер телімдерін алу, құжаттандыру және мақсатты пайдалану мәселелері де кеңінен қозғалды. Жауапты мамандар әрбір өтінішті жеке қарап, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тұрғын үй мәселесі де қабылдаудағы негізгі тақырыптардың бірі болды. Азаматтар баспана кезегі, әлеуметтік тұрғын үй алу мүмкіндіктері және қолданыстағы бағдарламалар жайында сұрақтарын қойды. Аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын айтып, кезек тәртібі заңға сәйкес сақталатынын атап өтті.
Бақыт Асанов әрбір көтерілген мәселені мұқият тыңдап, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Кейбір мәселелер сол жерде шешімін тапса, күрделі сұрақтар бақылауға алынып, заң аясында кезең-кезеңімен шешілетін болды.
Қабылдау соңында аудан әкімі тұрғындармен кері байланысты күшейту, халықтың талап-тілектеріне жедел жауап беру – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі