📢 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

📢 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
Құрметті Мақтаарал ауданының тұрғындары!
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңы аясында 2026 жылғы 2 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілді.
Аталған заңнамалық түзетулерге сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың құзыреттері кеңейтіліп, атап айтқанда:
1) ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша әкімшілік құқық бұзу туралы істерді қарау жөніндегі құзыреттілік;
2) ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бойынша хаттама жасау құқығы;
3) ҚР ӘҚБтК-нің жаңа 456-3-бабының 1-бөлігі «Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының және шетелдік журналистердің тиісті аккредиттеусіз кәсіби журналистік қызметпен айналысуы» және осы бабының 2-бөлігі бойынша хаттама жасау жөніндегі құзыреттілік, сондай-ақ істерді қарау құзыреттілігі берілді.
Осы өзгерістер құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесінің тиімділігін арттыруға, құқық қолдану практикасын жетілдіруге, сондай-ақ елді мекендердің санитариялық және эстетикалық жай-күйін қамтамасыз ету саласында жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
Осыған байланысты, азаматтарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырамыз.