МАҚТААРАЛДА І ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МАҚТААРАЛДА І ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2026 жылдың 13 сәуір күні Мақтаарал ауданында аудан әкімі Б.Асановтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.
Жиынға аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ аумақтық мекемелердің жетекшілері қатысты.
Мәжілісте 2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, мемлекеттік бюджет қаражатының игерілу барысы талқыланып, қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына қатысты нақты міндеттер қойылды. Жауапты сала басшыларына жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы сараланды.
Жауапты басшылар өз салалары бойынша негізгі индикаторлардың орындалуы жөнінде есеп берді. Аудан басшысы экономикалық өсімді қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Жиын барысында табиғи газға қосылған елді мекендердегі тұрғын үйлерді газға қосу мәселесі де күн тәртібінен тыс қалмады. Достық, Ж.Нұрлыбаев, Жаңажол және Еңбекші ауылдық округтеріндегі газдандыру жұмыстарының барысы қаралып, тұрғындарды газға қосу қарқынын арттыру қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу, елді мекендерді абаттандыру және көктемгі ағаш отырғызу науқанының барысы да талқыланды. Аудан әкімі тазалық пен көркейту жұмыстарына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
Бұдан бөлек, көктемгі дала жұмыстарына дайындық, су үнемдеу технологияларын енгізу және «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды. Аталған бағыттар бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.
Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі барлық сала басшыларына белгіленген міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындауды тапсырды.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі