МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫН МЫРЗАКЕНТТЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫН МЫРЗАКЕНТТЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов кенттер мен ауылдық округтердегі тұрғындарымен өткен жоспарлы кездесулерін қорытындылап, ең соңында аудан орталығы Мырзакент кентінің тұрғындарына есеп берді.
Кездесу барысында аудан әкімі 2025 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, 2026 жылға жоспарланған негізгі жобалар мен міндеттерді таныстырды. Сонымен қатар, Мырзакент кентінде жүзеге асырылған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды ерекше атап өтті.
Аудан орталығы Мырзакент кентін кешенді дамыту аудан әкімінің назарынан түскен емес. Өткен жылы кентте 4-деңгейлі бюджет есебінен 30 дана қоқыс контейнері қажетті орындарға қойылды. Бейбітшілік көшесі мен Шапағат көшесі аралығындағы Қ.Мүсірепов мектебіне өтетін өткел толығымен бетондалды. Сонымен қатар, кент аумағына 2 ЛЭД экран, 20 көшеге аншлаг, 900 тұрғын үйге реттік нөмір орнатылып, 59 көшеге мемлекеттік АКТ алынды.
Қыпшақов көшесінің тұйығындағы 105 метрге тас төселді. «Жоба 1» көшесі толығымен асфальтталды. «Жоба» көшесінің бойындағы желілік саябаққа жарықшамдар орнатылды. Кент аумағындағы ішкі көшелерге жалпы 600 шаршы метр шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілді.
Орталық алаңға Мемлекеттік Рәміздер құрылысы, Е.Мамбетов және Мерейлі көшелері қиылысына сағат көрсеткіші бар стелла орнатылуда. Мырзакент кенті әкімі аппаратының ғимараты ағымдағы жөндеуден өтті. Обылыстық бюджеттен орталық саябақ толық жаңғырудан өтіп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, кентте әлеуметтік маңызы бар нысан – Жаңа буынды дамыту орталығы ғимаратының құрылысы жүргізілуде.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында да аудан орталығында үлкен жұмыстар атқарылған. «Жастар» аллеясындағы Ж.Нұрлыбаев ескеркішінің алдына 11 дана қарағай көшеті, орталық саябақ аумағына 420 дана туя көшеті отырғызылды. Жалпы 2025 жылы Мырзакент кенті аумағына 3750 дана әр түрлі ағаш көшеттері отырғызылды.
Кездесу соңында ашық микрофон форматында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді аудан әкіміне тікелей жеткізді. Көтерілген негізгі мәселелер қатарында асфальт төсеу, лоток орнату, Достық каналының бойындағы көпірді жаңарту мәселелері болды.
Барлық сұрақтар мен ұсыныстар назарға алынып, аудан әкімі тарапынан нақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі