Мақтаарал ауданы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында базар сатушыларына санитарлық тазалықты сақтау және газ, электрді қауіпсіз қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаровтың бастамасымен ұйымдастырылған рейдке Мырзакент кентінің әкімі Мамыр Бейсенбаев, учаскелік полиция қызметкерлері, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары, ауандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және «Аудандық газ, техникалық және тұрғын үй қатынастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы мен мамандары қатысты.
Рейд барысында «Смадияр ата», «Сапар», «Достық» базарлары және «Мырзакент» автобекеті аумақтары тексеріліп, кәсіпкерлік нысандар мен қоғамдық орындардағы қоқыс жинау тәртібі мен санитарлық талаптардың сақталуына ерекше көңіл бөлінді. Тұрғындарға және кәсіпкерлерге қоқысты дұрыс орналастыру, экологиялық таза орта қалыптастыру және жалпы тазалық мәдениетін сақтау бойынша кеңестер берілді. Сонымен қатар, газ бен электрді қауіпсіз қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Рейдтік шараның нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бап бойынша 2 айыппұл мен 1 ескерту берілді және 204-бап бойынша 1 айыппұл салынды.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, мұндай рейдтер тұрақты түрде өткізіліп, тұрғындардың белсенді қатысуымен экологиялық жағдайды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады.