МАҚТААРАЛДА РЕФЕРЕНДУМҒА ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

МАҚТААРАЛДА РЕФЕРЕНДУМҒА ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

Бүгін елімізде бүкілхалықтық референдум өтіп жатыр. Маңызды саяси науқанның негізгі мақсаты – Жаңа Конституция жобасын қабылдау мәселесін халықтың тікелей дауыс беруі арқылы шешу.
Осыған орай Түркістан облысының Мақтаарал ауданында орналасқан барлық референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-ден бастап белсенді жұмыс істеуде. Аудан тұрғындары өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін сайлау учаскелеріне ерте келіп, дауыс беруге қатысып жатыр.
Байқаушылардың мәліметінше, дауыс беру үдерісі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Учаскелерде қажетті жағдайлар жасалып, қауіпсіздік пен тәртіп қатаң сақталған. Комиссия мүшелері сайлаушыларды тіркеу, бюллетень беру және дауыс беру рәсімдерінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуде.
Ауданда референдумға деген халықтың қызығушылығы жоғары. Таңертеңгі уақытта дауыс беруге келген тұрғындардың қатары қалың болды. Әсіресе, алғаш болып келген сайлаушыларға арнайы сыйлықтар табысталып, бұл бастама тұрғындардың көңіл күйін көтеріп, белсенділікті арттыра түсті.
Жергілікті тұрғындар референдум ел болашағы үшін маңызды қадам екенін айтып, әр азаматтың дауыс беруі қоғамдағы өзгерістерге өз үлесін қосатынын атап өтті.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі