Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметтерді алу бойынша заңды құқықтар туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын ұйымдастыру ұсынылған. Осыған орай, 2026 жылғы 5 наурыз күні сағат 11:00-де Мақтаарал аудандық дербес бөлімдерінің ғимаратында орналасқан фронт-офисте (Мадиходжаев көшесі, 28 үй) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтетін болады.