Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қырықбаев Темір Базарбайұлының Мақтаарал ауданындағы жұмыс сапары «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында Мырзакент кентінде салынып жатқан жаңа буынды дамыту орталығында жалғасты.
Мәжілісмен орталықтың құрылысымен танысып, нысанның қазіргі жағдайын бағалады. Жаңа буынды дамыту орталығы – аудандағы білім, спорт және шығармашылық салаларын дамытуға бағытталған маңызды нысан. Ол жастар мен балғын ұрпақты сапалы білім мен қосымша мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге арналған.
Жұмыс сапары барысында ауданның өзекті мәселелері де қаралды: әлеуметтік инфрақұрылымның жағдайы, білім және мәдениет нысандарының жұмысын жетілдіру, ауылдық округтердің даму жоспары, тұрғындарға қолжетімді қызметтердің сапасын арттыру. Мәжілісмен аудан әкімімен және де тиісті сала басшылары бірлесе отырып, күрделі мәселелердің шешілу жолдарын талқылады.
Іс-шраға Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқарма басшысының орынбасары Мейржан Қанатұлы, аудан әкімі Бақыт Насырханұлы, аудандық мәслихат төрағасы Қадыр Тұранұлы, «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Мұхтар Кенжетайұлы, аудан әкімінің орынбасары Бижан Шерәліұлы, аудандық мәслихат депутаты Меруерт Таласбекқызы бөлім басшысы, мердігер мекеме және БАҚ өкілдері қатысты.
Жұмыс сапары аясында көтерілген мәселелердің шешілуі «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған нақты қадамдармен жалғасатыны, ал аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсету мен инфрақұрылымды дамыту – басты мақсат болып қала беретіні айтылды.