МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін Мақтаарал ауданының активіне ауданның жаңа прокуроры Нақыпбеков Амангелді Өмірханұлы таныстырылды.
Жаңа прокурорды ұжымға Түркістан облысы прокурорының орынбасары Тлемисов Дәулет Бекбашұлы таныстырды. Өз сөзінде ол жаңа басшыға заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етіп, мүдделі органдармен бірлесе аймақтағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау бағытында белсенді жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.
Амангелді Нақыпбеков прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2010 жылы Кентау қаласы прокуратурасынан бастаған. Осы мерзімде Кентау және Түркістан қаласы прокурорының көмекшісі, облыстық прокуратураның түрлі басқармаларында прокурор және аға прокурор, Сарыағаш ауданы прокурорының орынбасары, Түркістан облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары, сондай-ақ Сотта мемлекет мүдделеріне өкілдік ету басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.