
«Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтетін болады
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметтерді алу бойынша заңды құқықтар туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын ұйымдастыру ұсынылған болатын.
Осыған орай, 2025 жылғы 5 қараша күні сағат 11:00-де Мақтаарал аудандық дербес бөлімдерінің ғимаратында орналасқан фронт-офисте (Мадиходжаев көшесі, 28 үй) «Кәсіпкерлік- (рұқсат құжаттарын, лицензияны, бизнесті дамытуға және арналған гранттарды, оның ішінде заңнамадағы жаңалықтарды, салық режимін, бизнесті қолдауға арналған қолданыстағы бағдарламалар бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтеді.
Іс-шара барысында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, ТО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ «Мақтаарал аудандық мансап орталығы» филиалы мекемесі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтері бойынша жауапты мамандарына өз сауалдарыңызды қойып, кеңес алуға мүмкіндігіңіз бар!