Таза ғаламшар қозғалысын қолдау мақсатында «World clean up day» халықаралық акциясын өткізу жоспарлануда.

Таза ғаламшар қозғалысын қолдау мақсатында «World clean up day» халықаралық акциясын өткізу жоспарлануда.

Құрметті аудан тұрғындары! Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен ағымдағы жылдың 20 қыркүйек күні аудан аумағында Таза ғаламшар қозғалысын қолдау мақсатында «World clean up day» халықаралық акциясын өткізу жоспарлануда. Аталған іс-шараның мақсаты-қоршаған ортаны қоқыстан тазарту, экологиялық мәдениетті арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Барша аудан тұрғындарын тазалықты сақтауға үндеу, табиғатты аялау. Тазалық акциясы аясында көшелерді қоқыстардан тазарту, арықтарды тазалау, белгіленген орындарды ақтау, әрлеу, т.б. жұмыстар ұйымдастырылады. Ендеше, барлық азаматтарды «World clean up day» халықаралық акциясын өткізуге белсенді қатысуға шақырамыз!
Болашақ ұрпақ үшін табиғатты бірге сақтайық!


Мақтаарал ауданы әкімдігінің
баспасөз қызметі.