Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдары иелерінің назарына!

Армения Республикасынан әкелінген  көлік құралдары иелерінің назарына!

Мақтаарал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 306 қаулысына өзгеріс енгізілгенін хабарлайды.

Қаулығы сәйкес Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын тіркеу мерзімі 2021 жылдың 1-наурызына ұзартылды.

Қаулы 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.