Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбековтың төрағалығымен аудандағы балабақшалардың директорларымен арнайы мәжіліс өтті.
Ауданның экономика және қаржы бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жиында балабақшалардың салық түсімдерінің ағымдағы жағдайы мен жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы жан-жақты сараланды.
Бижан Анарбеков өз сөзінде салықтық тәртіптің күшеюі – аудан бюджетінің тұрақтылығы мен әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына тікелей ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар, ол салық және салықтық емес түсімдердің толық әрі уақытылы түсуін қамтамасыз ету үшін балабақшалар мен мен жауапты тұлғалардың тығыз жұмыс істеуі қажет екенін ескертті.
Мәжіліс барысында балабақшалардың әрбірі бойынша көрсеткіштер талданып, түсімдердің төмен болу себептері қаралды. Директорларға нақты тапсырмалар беріліп, жұмысты жандандыруға шақырды.
Жиын қорытындысында аудан әкімінің орынбасары салық түсімдерінің орындалуын апта сайын бақылауда ұстау қажеттігін айтып, нақты мерзімдер мен жауапты тұлғаларды белгіледі.