
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай бүгін «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалы және Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхана саласы бойынша 14 аудан бойынша түрлі мамандар қатысқан «Үздік жұмысшы маман» атты облыстық байқауы өтті.