Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидасын кеңінен насихаттай отырып, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттырып, қаржылық пирамидалар мен алаяқтық схемаларға қарсы иммунитет қалыптастыруды тапсырған. Аталған тапсырмаға сәйкес 2025 жылғы 25 маусымда ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде «21 ғасырдың қаржылық триггерлері» атты республикалық форум өткізіледі.
Осы тапсырма аясында 2025 жылғы 25 маусым күні, сағат 11:00-де, Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратының үлкен мәжіліс залында (Мырзакент кенті, С.Жаштаев көшесі, №96) «21 ғасырдың қаржылық триггерлері» атты республикалық форумның аудандық деңгейдегі жиыны өтеді.
Форумда: қаржы саласындағы қауіптер мен қазіргі заманда жиі кездесетін қаржылық пирамидалар, заңсыз инвестициялық жобалар, дроптар және олардың салдары туралы кең көлемде ақпарат беріледі.
Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, салалық сарапшылар мен спикерлер қатысады.
Аудан тұрғындарына: форумға белсенді қатысуға, өздеріңіздің алаяқтық әрекеттерден қорғануға және қаржылық сауаттылықты арттыруға шақырамыз.