МАҚТААРАЛДА "ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ" ТАҚЫРЫБЫНДА ФЛЕШМОБ ӨТТІ

МАҚТААРАЛДА "ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ" ТАҚЫРЫБЫНДА  ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Мақтаарал ауданында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында ақпараттық іс-шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамда отбасы құндылықтарын насихаттау және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Іс-шара аясында тұрғындарға арнап түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқық қорғау органдары мен психологтар кеңес берді. Сонымен қатар, жастар мен белсенді азаматтардың қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды. Қатысушылар арнайы ұрандар көтеріп, зорлық-зомбылыққа қарсы бірлікті паш етті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар қоғам назарын маңызды мәселеге аударып, отбасындағы татулық пен өзара құрметті нығайтуға ықпал етеді.
 
 
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі