2025 жылғы 30 наурызында өткен Мақтаарал аудандық мәслихатының
шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 30 наурызында №1 сайлау округі бойынша сайланған Мақтаарал аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 3686 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 2293 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 12 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
№1 сайлау округі бойынша Мақтаарал аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Байжанов Усен Борашевичқа сайлаушылардың 438 дауысы берілді;
Ержанов Баймаганбет Айтбаевичқа сайлаушылардың 253 дауысы берілді;
Турсунханов Мукан Шынгысхановичқа сайлаушылардың 1577 дауысы берілді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 16.
Сайлау қорытындысымен №1 сайлау округі бойынша Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты болып:
1965 жылы туылған, Мақтаарал аудандық "Мырзакент" ауруханасының бас дәрігері Турсунханов Мукан Шынгысханович сайланды, Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінің тұрғыны, ұлты қазақ, «Amanat» партиясының мүшесі, «Amanat» партиясынан ұсынылған.
Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы