2024 жылғы 31 наурызда өткен Мақтаарал аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарыңың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 31 наурызда өткен Мақтаарал аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарыңың орнына сайлау қорытындылары туралы

хабарлама

2024 жылғы 31 наурызда өткен Мақтаарал аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарыңың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама 2024 жылғы 31 наурызда №7, №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Мақтаарал аудандық мәслихатының орнына депутат сайлауы өтті. №7 сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4046 азамат енгізілді. Дауыс беруге -2051 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 9 қатысты. Кандидаттардың жалпы саны -3. №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мақтаарал аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді: Ибрагимов Усен Зулпанович үшін сайлаушылардың 346 дауысы берілді, Мирашев Ерлан Мынбосынович үшін сайлаушылардың 280 дауысы берілді. Молдабеков Сабит Сейдуллаевич үшін сайлаушылардың 1281 дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 82. №11 сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3742 азамат енгізілді. Дауыс беруге 2181 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 4 қатысты. Кандидаттардың жалпы саны -3. №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мақтаарал аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді: Аккулов Ергали Джаксибекович үшін сайлаушылардың 301 дауысы берілді, Диханбаев Нурадил Борибаевич үшін сайлаушылардың 326 дауысы берілді. Тулегенов Марат Асанбаевич үшін сайлаушылардың 1470 дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 35. Сайлау қорытындысымен №7, №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды: №7 сайлау округі бойынша – Молдабеков Сабит Сейдуллаевич, 1975 жылы туған, Мақтаарал ауданы, «AIIG KAZAKHSTAN» мақта өңдеу зауытының қаржы директоры; №11 сайлау округі бойынша – Тулегенов Марат Асанбаевич, 1978 жылы туған, Мақтаарал ауданы, "Атакент" аудандық ауруханасының бас дәрігері. Мақтаарал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
Дата публикации
01 апреля 2024