Мақтаарал ауданының Атакент кенті әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

№8 ҚАУЛЫСЫ

 

Мырзакент кенті                                                                                                                                              2026 жылғы 12 тамыз

 

Мақтаарал ауданының

Атакент кенті әкімінің

сайлауын тағайындау

туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1 бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2026 жылғы 20 қыркүйекке Атакент кенті әкімінің сайлауы тағайындалсын.

2.Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2026 жылғы 13 тамызынан басталсын.

3.2026 жылғы 20 қыркүйекке тағайындалған Атакент кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

4.Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Мақтаарал» газетінде жариялансын.

 

 

 

Төраға                                                      Д.Ерімбетов

 

 

       Хатшы                                                     Г.Қалдарбекова

Дата публикации
12 августа 2026