Сұрапыл соғыста жанын шүберекке түйіп, елін қорғаған батыр аталарымыздың ерлігі – бүгінгі бейбіт күннің берік негізі. Бұл Жеңіс – майдан даласындағы жауынгерлер мен тылда тынбай еңбек еткен азаматтардың қажыр-қайраты мен өр рухының жеңісі. Осы бір қасиетті күні батырлар рухына тағзым етіп, олардың есімін ардақтау – баршамыздың азаматтық парызымыз. Бүгінде елімізде ардагерлерге лайықты құрмет көрсетіліп келеді. Бұл – тарихына тағзым еткен, батырларын бағалаған елдің жарқын болашағына жол ашатын ізгі іс.