ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАДА ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАДА ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Түркістан облысының МКҚБ ММ 2-полиция батальоны, ҚР Ұлттық Ұланының 5574 әскери бөлімі және «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының қатысуымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – Ұлт рухы» атты патриоттық іс-шара өтті.
 
Шараның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысында жанын шүберекке түйіп, елдің азаттығы мен бейбіт болашағы үшін күрескен батыр бабаларымызға деген шынайы құрмет пен тағзым білдіру. Бұл күн – халқымыздың ерлік пен табандылық танытқан тарихи жеңісінің символы, ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі.
 
Іс-шара аясында соғыс жылдарынан сыр шертетін бейнебаян көрсетіліп, жауынгерлерге арналған жүрек тебірентер өлеңдер оқылды.
 
Қазақтың қос бірдей қаһарман қызы – Әлия Молдағұлованың рухына арналған ән орындалып, «Мәншүктің анасына жазған хаты» атты көрініс көрермендердің көңілін толқытты.
 
Кеш соңында Төтенше жағдайлар департаменті, Қалалық полиция және Ұлттық Ұлан бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ кітапхананың Инновациялық-әдістемелік қызмет бөлімінің басшысы Байдәулетова Дана құттықтау сөз сөйлеп, шараға белсенді қатысқан сарбаздарды алғыс хаттармен марапаттады.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі