Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын!
Бірлік пен татулықты ту етіп, бір шаңырақ астына ұлт пен ұлыстардың ынтымағын ұйыстырған бұл мерекенің әрбіріміз үшін алар орны айрықша. Кең байтақ елімізде күн кешкен түрлі этнос өкілдерінің ынтымақ-бірлігіне ұйытқы болып келеді. Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістігіміз де барлық ұлттың біртұтас ел ретіндегі әлеуеті мен мызғымас достығымыздың нәтижесінде еселенді.
Түркістан әрдайым бірлік пен ынтымақтың символы болған. Түркі әлемінің орталығында халқымыз бірлікті ту етіп, жаңа белестерді бағындырып келеді. Түркістан өңірінде 50-ден аса этнос өкілдері бар. Соған сай 11 облыстық этномәдени бірлестік, 6 құрылым жұмыс істейді. Әрбір аудан, қаладағы тілдерді оқыту орталығында үш тілді оқыту мүмкіндігі бар. Өңірдегі этнос өкілдерінің 92 пайызы мемлекеттік тілді жетік біледі, құрмет тұтады.
Осындай айтулы мерекеде өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақыт, қызметте абырой мен шығармашылық табыс тілеймін! Тәңірдің тәтті сыйы – Тәуелсіздіктің ғұмыры мәңгі, мәнді, Бірлігіміз бекем болсын! Еліміз көркейіп, дами берсін!
Ізгі ниетпен,
Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев