ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ТЕСТІЛЕУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ТЕСТІЛЕУ ӨТТІ

 14-18 сәуір аралығында Түркістан облысында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өткізілді. Бұл шараны Түркістан облысының Мәдениет басқармасы ұйымдастырып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының мамандары қатысты.

Тестілеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023–2029 жылдарға арналған Тіл саясатын іске асыру тұжырымдамасы аясында өтті. Аталған құжатта мемлекеттік тілді меңгеру мен қолдану аясын кеңейту және тіл сапасын арттыру басты міндеттердің бірі ретінде қарастырылған.

2023 жылғы 16 қазандағы №914 қаулымен бекітілген тұжырымдамада нақты индикаторлық көрсеткіштер белгіленген болатын. Атап айтқанда, 2025 жылы мемлекеттік қызметшілердің 45%-ы ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгеруі тиіс, ал мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің 39%-ы В1 деңгейін меңгеруі көзделген.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін 17-18 сәуір күндері Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 3-корпусының 311 және 312-аудиторияларында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу ұйымдастырылды. Тестілеу екі ауысымда өтті.

Диагностикалық тестілеуге Түркістан облысындағы бірқатар мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда


• ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті,


• ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК МИК облыстық аумақтық инспекциясы,


• ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті,


• Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті,


• Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасы,


• Ауыл шаруашылығы басқармасы,


• Қазынашылық департаменті,


• Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы,


• ҚР Ұлттық Банкінің Түркістан филиалы,


• Түркістан қаласының статистика басқармасы,


• Қазпошта АҚ облыстық филиалы,


• Дін істері басқармасы,


• ДС Түркістан теміржолы,


• ҚТЖ – Жүк тасымалы ЖШС «ГП-Шымкент бөлімшесі»,


• ҚТЖ ҰК АҚ «Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің» Арыс сигнализация және байланыс дистанциясы мен Арыс жол дистанциясы,


• Түркістан өрт сөндіру поезының қызметкерлері.

Өткен диагностикалық тестілеу мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалауға мүмкіндік беріп, болашақтағы тілдік саясатты жүйелі түрде жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі