ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «TURKISTAN STYLE» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «TURKISTAN STYLE» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ
Бүгін облыс орталығында «TURKISTAN STYLE» Халықаралық суретшілер симпозиумы қорытындыланып көрме ұйымдастырылды.
 
🔹Симпозиумға 8 мемлекеттен келген 28 өнер қайраткері – Халық суретшілері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, ҚР Көркем академиясының академиктері мен Қазақстан суретшілер одағының мүшелері қатысты.
 
🔹Атап айтқанда, Ресей, Үндістан, Беларусь, Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен және еліміздің Астана, Алматы, Павлодар, Тараз, Түркістан, Шымкент қалаларынан келген суретшілер өз туындыларын ортаға салды. Кескіндеме жанрындағы 120-дан астам өнер туындысы жазылып, көрмеге ұсынылды.
 
🔹Бұл халықаралық симпозиумның мақсаты – түрленген Түркістанның көрікті орындарын, салт-дәстүрін, тарихи-мәдени мұраларын, сәулеттік ескерткіштерін насихаттау, сондай-ақ бейнелеу өнерінің дамуына ықпал етіп, халықаралық деңгейдегі қылқалам шеберлерінің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау болды.
 
🔹Халықаралық дәрежедегі суретшілермен шығармашылық байланыс орнатылып, Түркістанның табиғи-географиялық ерекшеліктерін бейнелейтін жаңа туындылар жазылды, музей қоры жаңа көркем шығармалармен толықты, жаңа көркем бағыттар мен заманауи пластикалық шешімдер іздестірілді.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі