МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БЕКЗАТ САТТАРХАНОВҚА АРНАП КӨРМЕ ЖАСАҚТАДЫ

МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БЕКЗАТ САТТАРХАНОВҚА АРНАП КӨРМЕ ЖАСАҚТАДЫ
«Бекзат» мөлтек ауданында 1994 жылы туған тұрғындардың ұйымдастыруымен «Армысың, Әз-Наурыз!» мерекелік іс-шарасы өткен болатын. Мерекелік шараға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы қатысып, тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
 
🔹Шараға 5 мың адам қатысып, ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өтіп, қазақтың салт-дәстүрі дәріптелді. Осы орайда «Ұлы Дала Елі» орталығы мен Нәзір Төреқұлов музей филиалы қызметкерлері Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Бекзат Саттархановқа арнап «Бекзат – қазақтың ары мен намысы» атты тақырыпта көрме жасақтады.
 
🔹Көрмеде чемпионның өзі тұтынған заттары мен жүлде, марапаттары қала тұрғындары мен қонақтар назарына ұсынылды. Жас жеткіншектер Бекзат ағаларының бокс қолғабы мен жүлделеріне қызығушылықпен тамашалады. Көрме барысында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы да аралап, көрменің жас өскелең ұрпаққа насихатталып жатқанына ризашылығын айтып, алғысын білдірді.