Бүгін Түркістанда «Қазыналы
керуен-2025» акциясы өтті. Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған іс-шараның келесі көшін Шардара, Жетісай және Мақтаарал аудандары жалғады.
Үш аудан атынан кітапханашылар «Түркістанға арнауын» ән-күймен жеткізді. «Әдеби композиция» атты І кезеңде облыстан шыққан ақын, жазушылардың өлеңдерінен әдеби композициялық көрініс көрсетілді. Атап айтқанда, Шардара аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Аңсау» , Жетісай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Тарихы терең Түркістан» , Мақтаарал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Дәстүрін ұлықтаған Мақтааралым» атты әдеби композициялық көрініс көрермен назарына ұсынды.
Тарих ғылымдарының кандидаты Адырбекова Баян Садыққызы, ҚР Жазушылар одағының Түркістан облысындағы өкілі Айдар Сейдазым, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, республикалық, облыстық мүшәйралардың жүлдегері Сайлаухан Жоланов және «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы қорытынды сөз сөйлеп, акцияның оқырманға берері мен танымдық тұстары жайлы сөз сөйледі.
Айта кетейік, аталған акцияның басты мақсаты аудандық әріптестік байланысты нығайта отырып, тарихты насихаттау.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі