«МЫҢ ЗАМАН – БІР ТҮРКІСТАН» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ

«МЫҢ ЗАМАН – БІР ТҮРКІСТАН» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ
Түркістан қаласында «Мың заман – бір Түркістан» музыкалық драмасының премьерасы өтті.Қойылым Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен«II Қазақ тілі – ғылым тілі: жасанды интеллект және терминология» атты халықаралық симпозиум аясында көпшілік назарына ұсынылды.
 
🔷«Мың заман – бір Түркістан» қойылымы – Ozge Epic кретив хабы мен университетте жаңадан құрылатын Өнер, медиа және дизайн факультетінің ортақ жобасы. Драманың қоюшы режиссері –Шырын Мұстафина, пьеса авторы – Сандуғаш Баймаханкызы, көркемдік жетекші –Тоғжан Құрманжанқызы, ал жоба жетекшілері ректорЖанар Темірбекова мен Мақпал Жұмабай.Қойылымның ғылыми кеңесшісі – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ХҚТУ Өкілетті кеңес мүшесі Дархан Қыдырәлі.
 
🔷Премьераның актерлік құрамында толықтай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері өнер көрсетті. Орындаушылық өнер кафедрасының «Актерлік өнер», «Хореография» және «Музыкалық білім» мамандықтарының студенттерінің труппасына Қазақстан Республикасының мәдениет үздігі Мақсат Айтжанов жетекшілік етті.
 
🔷Алғаш рет сахналанған музыкалық драмада түркі өркениетінің ойшылдары мен қоғам қайраткерлерінің бейнесі арқылы рухани және тарихи мұра көрерменге таныстырылды. Қорқыт ата, Томирис патшайым, Әл-Фараби, Науаи, Юнус Эмре, Қожа Ахмет Ясауи, Абайдан бастап, Алаш зиялыларының қазақ халқы үшін жүріп өткен тарихи жолы бейнеленіп, маңызы терең ойлары Түркістанның қасиетті топырағында тоғысады.
 
🔷Қойылымның негізгі идеясы – түркі халықтарының бірлігі, Ясауидің рухани мұрасының жалғасынтабуы және білімнің түнекке қарсы жеңісі.
Музыкалық драма симпозиум қонақтары мен көрермендердің бойында патриоттық сезімдіасқақтатқан төл туынды болды. Осылайша Түркістан төріндегі киелі сахна тағы да тағылымы мол жаңа туындымен толықты.