ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА «БОЛАШАҚҚА КІТАППЕН» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА  «БОЛАШАҚҚА КІТАППЕН» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Болашаққа-кітаппен» атты мерекелік іс-шара өтті.
 
Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай, яғни 2 сәуір күні атап өтіледі. Сондай-ақ, әлем балалар әдебиетінің ұлы өкілі Андерсеннің туғанына 220 жылдық мерейтойына орай арнайы кітап көрмесі жасалып, оның «Түйме қыз» ертегі желісінде инсталляциялық көрме қойылды. Сонымен қатар, қазақ балалар әдебиеті жазушыларының кітаптарынан құралған кітап көрмелері ұйымдастырылып, ұлы ғалым, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Алтынсарин әлемі» тақырыбындағы кітап көрмесі жасалып, келушілер назарына ұсынылды.
 
Түркістан қаласындағы кітап дүкендері келушілерге арнап жәрмеңке ұйымдастырды.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері қатысып, ізгі лебіздерін білдірді. Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облысындағы өкілі Айдар Сейдазым және Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова ашып беріп, көрермендерді мерекемен құттықтап, балалар кітапханасының алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, жылы тілек-лебіздерін білдірді.
 
Мерекелік шара барысында кішкентай бүлдіршіндер ұлы қаламгерлердің өлеңдерін оқып, күмбүрлі күй ойнап, би билеп, әуезді әндер шырқалды.
Шара соңында кітапхана директоры Рысбек Летаев қорытынды сөз сөйлеп, іс-шараға келген қонақтарға өз алғысын білдіріп, өнер көрсеткен оқушыларды алғыс хатпен марапаттады.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі