«ТҮРКІСТАН ЖАУҺАРЛАРЫ» ҰЛТТЫҚ КИІМ КӨРМЕСІ МЕН КОНЦЕРТ ӨТТІ

«ТҮРКІСТАН ЖАУҺАРЛАРЫ» ҰЛТТЫҚ КИІМ КӨРМЕСІ МЕН КОНЦЕРТ ӨТТІ
Бүгін Түркістан қаласында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне арналан «Түркістан жауһарлары» ұлттық киім көрмесі және «Яссы» халықтық этнофольклорлық ансамблінің концерті өтті.
 
✔️«Наурызнама» онкүндігі аясында, Түркістан қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен, Этноауыл кешенінде өткен шара еліміздің ұлттық мәдениеті мен дәстүрін дәріптеуге бағытталды. Жалпы іс-шараға 500-ден астам адам қатысты.
 
✔️Мерекеде «Тұсаукесер», «Қазан шегелу» және өзге де салт-дәстүрлерінен көрініс қойылды. Сонымен қатар келіндердің және тігіншілердің қыз жасауын дайындау барысы көрсетілді.
 
✔️Мерекені бастап кеткен қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, әртүрлі өнер фестивальдері мен ұлттық спорт түрлерінен жарыстарға қатысты.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі