АҚЫН МҰҚАҒАЛИ КЕНЖЕТАЙҰЛЫ «КҮМІС ҚАЛАМ» БАЙҚАУЫНАН 1-ОРЫН ИЕЛЕНДІ

АҚЫН МҰҚАҒАЛИ КЕНЖЕТАЙҰЛЫ «КҮМІС ҚАЛАМ» БАЙҚАУЫНАН 1-ОРЫН ИЕЛЕНДІ
Бүгін Шымкент қаласында «Күміс қалам» республикалық байқауы өтті. Жыр додасы қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Өтебай Тұрманжанұлының 120 жылдығына арналды.
 
🔹Әз Наурыз қарсаңында биыл төртінші рет ұйымдастырылған байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды, 18 бен 35 жас аралығындағы жастар қатысты. 12 ақыннан іріктеліп шыққан 8 ақын дуельге шықты. 4 жұпқа бөлінген үміткерлерден соңында екі ақын қалып, бас жүлдені сарапқа салды.
 
🔹Қазылар алқасының құрамында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, белгілі ақын Жанарбек Әшімжан мен әдебиет майталмандары бар. Сайыс нәтижесінде бас жүлде Қызылордалық ақын Ақжол Түменбайға бұйырды. Ал 1-орынды Түркістан облысының ақыны, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы иеленіп, 700 мың теңгенің иегері атанды.
 
🔹Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен жыр додасы алдағы уақытта «Күміс көмей» дәстүрлі жас әншілер байқауы мен «Күміс домбыра» айтыскер ақындар сайысына жалғаспақ.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі