ТҮРКІСТАНДА «МАХАББАТ СЫРЫ» АТТЫ МУЗЫКАЛЫҚ-ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «МАХАББАТ СЫРЫ» АТТЫ МУЗЫКАЛЫҚ-ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ ӨТТІ
Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» кешенінде «Махаббат сыры» атты кезекті музыкалық-поэтикалық кеш өтті. Құрылғанына көп болмаған «Jana Lep» өнер ұжымының қойылымы жылы қабылданып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Іс-шараны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бастаған зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.
 
🔹Сезімге толы кеш барысында авторлық монологтар оқылды. Әрбір өнерпаздың басынан кешкен махаббат оқиғаларын, сол сәттегі сезімдерін, адалдық пен сенім тақырыптары арқау етілді. Сонымен қатар, монологтарға сәйкес елдің жүрегінен орын алған әсерлі әндер орындалды. Көркемдік безендірілуі мен музыкалық сүйемелдеуі де кеш көркін аша түсті.
 
🔹Қойылым режиссері Әбдіқадыр Сайлаубек, ал өнер ұжымының көркемдік жетекшісі Мерей Маханов. Махаббаттың сан қырын көрсететін ерекше туындыдан әр көрермен өзіне жақын эмоцияларды таба алады. Әсерлі кешке куә болған көпшілік ерекше көңіл-күйде тарқасты.
 
🔹Айта кетейік, «Махаббат сыры» қойылымы алдағы уақытта көрермен назарына ұсынылып, «Jana Lep» репертуарында тұрақты орын алмақ.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі