
Оқырман клубының отырысында Бейбіт Қойшыбаевтың «Ғажайып шақ» жинағындағы «Ғашықтық» әңгімесі талқыланды. Клуб қатысушылары шығарма желісі бойынша өз түсінгенін ортаға салып, шығарма кейіпкерлерінің жағымды не жағымсыз жақтарына жеке-жеке тоқталып өтті.
Сонымен қатар, оқырман балалар шығармаға байланысты психологиялық, логикалық ойындар ойнап, ішкі эмоцияларын еркін шығара білді. Кітап оқып, оны достарымен бірге талқылау оқырман балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.