ТІЛ МАМАНДАРЫ ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ САЙЫСҚА ТҮСТІ

ТІЛ МАМАНДАРЫ ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ  САЙЫСҚА ТҮСТІ

ТІЛ МАМАНДАРЫ ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ САЙЫСҚА ТҮСТІ

Түркістанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен тілдерді оқыту орталықтары оқытушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауы өтуде. Байқауға еліміздің 16 өңірінен тілдерді оқыту орталықтарының қазақ тілі оқытушылары қатысып, өзара бақ сынасуда. Сайысты Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев ашып, тіл сайысының маңыздылығына кеңінен тоқталып, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ ол сайысты ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
"Құрметті жарысқа қатысушылар, қала қонақтары! Бүгінгі тіл сайысының түркі халықтарының рухани астанасы — Түркістан төрінде өтуінің өзінде терең мән бар. Тіл — қазақтың байлығы, тіл— ұлттың жаны. Сондықтан тілімізді дәріптеу, құрметтеу біздің басты парызымыз. Ендеше бүгінгі сайыста бақ сынағалы келіп отырған баршаңызға сәттілік серік болсын",- деді Әзімхан Серікұлы.
Жалпы байқау бес кезеңнен тұрады. Аталған кезеңнен сүрінбей өткендер ақтық сында өзара мықтыны анықтайды. Жарыс қорытындысы кешкі 18:00-де анықталып, жеңімпаздар марапатталып, оларға сый-сияпат табысталмақ.

Түркістан облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі