"Мемлекеттік тілді жоғары деңгейде оқытудың әдіс-тәсілдері"

"Мемлекеттік тілді жоғары деңгейде оқытудың әдіс-тәсілдері"

Бүгін (18.06.2021) Түркістан облысы мәдениет басқармасының бастамасымен, Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Ресурстық тіл орталығының қолдауымен бірлесе отырып "Мемлекеттік тілді жоғары деңгейде оқытудың әдіс-тәсілдері" атты республикалық онлайн семинар өтті.
Аталмыш шара ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын өңірде іске асыру жөніндегі ісшаралар жоспары аясында ұйымдастырылды.Семинарға Қарағанды облысынан Жақанова Жұпар Рысқұлқызы және Боранғазы Фариза Ерланқызы, Жамбыл облысынан Маханова Перизат Атабекқызы, Шымкент қаласынан Ботагөз Дүйсебаева Оразәліқызы, Түркістан облысынан Исатай Гүлмира Асқарқызы баяндама оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға Түркістан және Қарағанды облыстырының тілдерді оқыту орталықтарының 70 -ке жуық әдіскері мен оқытушылары қатысты.
Бұл семинар қазақ тілін жоғары деңгейде оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қарастыру арқылы оқытушылар мен әдіскерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіруге септігін тигізді деген ойдамыз.