"Жаңарған Түркістан"

"Жаңарған Түркістан"

     Түркістан облысысының құрылғанына үш жыл толу құрметіне «Жаңарған Түркістан» атты мерекелік концерті өтті. Концерт түркі тілдес халқымыздың терең тарихын суреттейтін театрландырылған көрініс қойылып, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы МКҚК-ның директоры, режиссер Мейіржан Алиакбаровтың түркі тілдес ұлттардың танымал әншілерінің өз тілінде Түркістанды әнге қосып жырлаған керемет видеоролигімен жалғасты.

     Түркістан облысының әкімі Шөкеев Өмірзақ Естайұлының құттықтау сөзімен ашып, кештің негізгі басты мақсаты Түркістан облысы болып құрылғалы облысқа еңбегі сіңген мәдениет, спорт, денсаулық, кәсіпкерлік, ішкі саясат, т.б  қызметкерлерін марапаттады. Кештің жұлдызды қонақтары әрі концерт жүргізушілері породист Олжас Сыдықпек және эстрада әншісі, тележүргізуші Мәдина Сәдуақасова болды. Кеш ө деңгейінде керемет көңіл-күй мен мәресіне жетті.