«Ұлы Дала дастаны»

«Ұлы Дала дастаны»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Көркем Академиясының академигі, Халықаралық «Тұран» сыйлығының лауреаты Маханбетов Сейсенхан Орынбекұлының 60 жас мерейтойлық «Ұлы Дала дастаны»  жеке шығармашылық көрмесі Түркістан облысы әкімдігінің, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Бейнелеу өнері музейінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласының «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде халық назарына ұсынылды.

Қазақ мәдениет және өнер тақырыптарына және Қазақстан суретшілері туралы көптеген мақалалардың авторы.

Суретшінің жұмыстары Астана, Алматы, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының музейлерінің қорында, сондай-ақ Қытай, Түркия, Ресей, Венгрия,Белоруссия т.б. елдердегі жеке топтамаларда сақтаулы.

Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейінің қорында 12 пейзаж және тарихи жанрда жазылған кескіндемелік жұмыстары сақтауға алынған.

Бүгінгі көрмеге автордың соңғы бес жылда жазылған 53 шығарма жұмыстары қойылды.